Орал жоғары
гуманитарлық- экономикалық
колледжі

Орал жоғары
гуманитарлық- экономикалық
колледжі

қазақша

орысша
  Бас бет
Колледж туралы
Миссия
Педұжым
Басшылық
Лауазымдық нұсқаулықтар
WORLDSKILLS
Аттестация
Аккредитация
Жылдық жоспар
ҚНА
ОТІӘ жоспарлау
«Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Жұмыс берушіге
Жұмысқа орналастыру
Фотогалерея
Жаңалықтар
БАЙЛАНЫСТАР
Ата-аналарға
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
  |   Талапкерге
Қабылдау ережелері
Мамандықтар
Қабылдау емтихандары
Оқу ақысы
  |   Сыбайлас жемқорлық картограммасы   |   Жұмысшы мамандықтар жылы  
  Оқу процесінің кестесіОқу процесінің кестесі   |   Бейне сабақтарБейне сабақтар   |   Сабақ кестесіСабақ кестесі  

Жұмысшы мамандықтар жылы

Жаңалықтар

31.05.2025  «Оқу далалық жиыны»

31.05.2025  «Саяси қуғын-сүргін жане ашаршылық құрбандарын еске алу»

26.05.2025  «Оқу далалық жиыны»

Барлық жаңалықтар

Жануарлар дүниесі. Жаратылыстануды оқытудағы көрнекілік әдістер

Жануарлар дүниесі. Жаратылыстануды оқытудағы көрнекілік әдістер

Ағымдағы жылдың 1 қарашасы күні колледжімізде директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-сарапшы Кәдірғалиев Базарғали Әбуғалиұлы бастауыш білім беру мамандығының 3 курс 131-9а/ә топтарына «КМ 03. Оқу ақпаратын тарату» модульі, «ОН 3.11. Оқушыларға әлемнің тұтас жаратылыстану-ғылыми бейнесін қалыптастыру/ Жаратылыстану және оны оқыту әдістемесі» пәні бойынша «Жануарлар дүниесі. Жаратылыстануды оқытудағы көрнекілік әдістер» тақырыбына үлгілік ашық сабағын өткізді.

Сабақтың мақсаты: Білім алушылардың жануралар дүниесі туралы базалық түсініктерін кеңейту және оны оқыту әдістемесін меңгертуде көрнекіліктерді қолдану тәсілдерін игерту.

Ашық сабақ World Skills чемпионаты стандарттары негізінде сабақтарды өткізуден тұрды. Теориялық бөлімде оқытушы жануарлар дүниесі және жаратылыстану пәнің оқытудағы көрнекіліктер туралы ақпарат беріп, смарт технологиялар, 3d форматында сабақтарды ұйымдастыру, қысқа мерзімді жоспар құру, жасанды интеллект технологияларын сабақ барысында пайдалану туралы баяндаса, практикалық бөлімде 3 - сынып оқушыларына студенттер сабақтарды ұйымдастырды. Сабақ барысында тірі табиғат мүйісі, әр-түрлі формадағы оқыту технологиялары пайдаланылды. Студенттер сабаққа белсене қатынасып, дайын мамандар екендігін дәлелдеп, сабақ өз мақсаттарына жетті.

Ашық сабаққа обылыстық білім басқармасының әдістемелік кабинетінен, М.Өтемісов атындағы БҚУ-дан, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжден, Орал гуманитарлық-техникалық колледжінен сарапшылар қатысып, бағалау жүргізді.
Үлгілік ашық сабақ колледждің 25 жылдығына арналған іс-шаралардың шымылдығын ашқана іс-шара болып табылады.

Сапалы білім беруді жүзеге асыру жолдары: тәжірибе, инновация және әдіс-тәсілдер

Сапалы білім беруді жүзеге асыру жолдары: тәжірибе, инновация және әдіс-тәсілдер

28 қараша күні Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Сапалы білім беруді жүзеге асыру жолдары: тәжірибе, инновация және әдіс-тәсілдер» тақырыбында облыстық семинар-практикумда колледждің директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-сарапшы Кәдірғалиев Базарғали Әбуғалиұлы Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің базасында танымайтын топқа география пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзі елдерін салыстыру әдістері. Халықаралық туризм. Мақсаты: Білім алушыларға дүниежүзі елдерін салыстыру әдістерін көрсету және соның мысалында халықаралық туризм бойынша түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:
− Салыстырмалы елтану бойынша түсініктері қалыптасады;
− Дүниежүзі елдерін салыстыру әдістерін меңгереді;
− Халықаралық туризм туралы түсінігі қалыптасады;
− Дүние жүзі елдерін туризмі бойынша салыстырады.

Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі:
− Сабақ үзіндісінің әртүрлі кезеңдерінде (мотивациялық, оқу міндетін қою, оқу әрекеті, бақылау әрекеттері, өзін-өзі бақылау, бағалау және өзін-өзі бағалау) заманауи білім беру технологияларының элементтерін көрсетеді және интерактивті жабдықты меңгеру;
− Дүниежүзі елдерін салыстыру әдістерін халықаралық туризм мысалында көрсете алу;
− Салыстырмалы елтану бойынша бастапқы түсініктерін қалыптастыру;
− Дүниежүзінің түрлі белгілері бойынша физикалық- географиялық аудандарға бөлінуін картадан көрсете білі және талдау;
− Дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштермен танысу;
− Іскерлік, коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Ашық сабақ өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сарапшылардың жоғары бағасын алды.

Наверх
Орал гуманитарлық колледжі Батыс Қазақстан, Орал қ., Асан Тайманов көшесі, 135

Тел: 8 (7112) 50-50-82, 50-02-84, 51-46-47
E-mail: ugk-uralsk@mail.ru
Copyright © OГК 1999-2022
Сайт жасау - студия "Web-inSite"
Яндекс.Метрика